«Төлебай» мешіті 40 отбасыға азық-түлік үлестірді (ФОТО)

20 наурыз 2022 3126 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Төлебай» мешіті апта соңын қайырымдылық шарасымен аяқтап, мереке қарсаңында 40 отбасыға қуаныш сыйлады. Демеуші азаматтардың көмегімен жалпы сомасы 468 000 теңгеге қайырымдылық көрсетіліп, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері тарту етілді.

Мешіт бас имамы Асхат Салимов жиылған жамағатқа насихат айтып, қайырымдылық шарасына демеушілік жасаған жандарға ризашылығын білдірді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру