«ТӨЛЕБАЙ» МЕШІТІНДЕ ИҒТИКАФТАҒЫ ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
14 наурыз 2026
86
0
Оқу режимі
Астанадағы «Төлебай» мешітінде рамазан айының соңғы 10 күндігінде иғтикаф құлшылығында жүрген жамағатқа үгіт-насихат айтылды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Ерасыл Жайыров «Ауызбіршілік» тақырыбында уағыз айтып, жамағатты ынтымаққа шақырды.
Айта кетсек, иғтикаф – рамазан айының соңғы 10 күнінде Аллаға жақындау, өз-өзін тәрбиелеу және рухани тазалыққа ұмтылу мақсатында жасалатын ерекше құлшылық. Бұл кезеңде жамағат мешітте уақыттарын намаз, дұға және Құран оқумен өткізіп, жүректерін иманға толтырады және Алламен байланысын нығайтады.


Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру