Түркі елдері ғалымдары Самарқандта пәтуа мәселелерін талқылады
Өзбекстан Республикасының тарихи Самарқанд қаласында ақпанның 2-3 аралығында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан ғалымдар мен дін мамандары қатысты.
Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ атынан Төраға орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Халықаралық байланыс және хаттама бөлімі меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, сондай-ақ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Ергешұлы қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттерге ортақ Рамазан айының басталуы, айт мерекелері, «Жасанды интеллект үкімі», ұшырға қатысты мәселелер қаралды.
Жиында дәстүрлі діни ұстанымдарды насихаттау, халықтың діни бірлігін нығайту, жастардың діни сауатын арттыру және діни алауыздыққа жол бермеу бағытындағы бірлескен шараларды пысықтау тапсырылды.






Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі