ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ 200 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

29 наурыз 2025 241 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры Аршалыдағы түзету мекемесіне барып, сол жердегі қызметкерлер мен жазасын өтеп жатқан 200 жанға ауызашар себеттерін үлестірді.

Іс-шараға Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Нұрбол Оразбай, ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің діни оңалту бағытына жауапты маман Рахымқазы Қабдысалым мен «Aq meshit» мешітінің наиб имамы Олжас Исмайылов қатысып, Рамазан айының қадір-қасиеті мен шапағаты жайында уағыз-насихат айтты.

Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл қасиетті айда мұсылмандар тек өздерін рухани тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесуге, сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысады. Жақсылық жасау – Рамазанның басты қағидаларының бірі. Сол себепті, осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын нығайта түседі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру