ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ РАНТ МАМАНЫМЕН КЕЗЕКТІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

10 шілде 2026 66 0
Оқу режимі

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №03 мекемесінде жазасын өтеушілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қанатқали Такиров пен Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Рақымқазы Қабдысалым «Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю» тақырыбында насихат айтты.

Дәріс барысында ислам дініндегі ізгілікке шақырудың маңызы, көркем мінездің адам өмірі мен қоғамдағы орны, жақсылық жасауға ұмтылу және жаман әдеттер мен теріс іс-әрекеттерден сақтанудың мәні жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, дәстүрлі ислам құндылықтары аясында рухани-адамгершілік бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға 35 жазасын өтеуші қатысып, дінге қатысты өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру