УАҚЫП ФОРУМЫНДА СПИКЕРЛЕР БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

04 қараша 2026 74 0
Оқу режимі

Астанада өтіп жатқан «Ұлы даладағы уақыптың орны» II республикалық форумында арнайы қонақтар, қаржы саласының мамандары мен елімізге белгілі ұстаздар баяндама жасады. 

Мәселен, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Арман Қуанышбаев «Ислам және адал қоғам: ізгілік пен жауапкершілік құндылықтары» тақырыбында ой өрбітсе, Ғұламалар кеңесінің тағы бір мүшесі Ерсін Әміре «Уақып және садақа мәдениеті: ұрпаққа жалғасатын игілік» бағытында пікір білдірді.

Бұдан бөлек, “Ислам қаржысы” секторының меңгерушісі Нұржан Стамбакиев Уақып экономикасы: исламдық қаржыландыру және эндаумент мүмкіндіктері» мәселесін көтерсе, Нейропсихолог Әбдірашит Түлкібай «Жомарттық психологиясы: сананы қайырымдылыққа тәрбиелеу» турасында өз тәжірибесімен бөлісті. Ал «Уақып» қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Уақып қоры: атқарылған жұмыстар мен болашақ даму бағыттары» бойынша баяндама жасады.











​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру