ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ ОРАЙ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

18 наурыз 2024 1116 0
Оқу режимі

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас имам, Астана қаласының өкілі Ерболат Жүсіповтың басшылығымен арнайы жиын өтті.

Ұжымдық басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дін қызметкерлеріне өткізген жиынында айтылған Наурыз мерекесін дәріптеуге қатысты тапсырмалары айтылып, төл мерекемізді жан-жақты насихаттауға арналған жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, мешіт бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы ұжымдағы имам, ұстаздарды мерекемен арнайы құттықтады. Жиын соңында еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Суреттерді толығырақ сайтымыздың «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру