ҮЗДІК 10 ИМАМ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ
26 тамыз 2026
25
0
Оқу режимі
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Үздік имам» ІI республикалық интеллектуалды білім сайысы өз жалғасын табуда.
Қатарынан екінші рет ұйымдастырылған бұл сайысқа өңірлерден іріктелген 20 үздік имам қатысуда. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Астана, Шымкент қалалары, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 10 имам келесі айналымға өтті.
Алдағы уақытта қатысушылар «Дін мен дәстүр» және «Көркем насихат» кезеңдері бойынша өзара бақ сынайтын болады.









Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру