«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ»: КӨШЕ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА АУЫЗАШАР СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

11 наурыз 2025 350 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінің Жастар секторы Сарыарқа ауданында көше тазалап жүрген тазалықшыларға қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар себеттерін үлестірді.

Мешіт қызметкерлері қолайсыз ауа райына қарамай, қоғам игілігі үшін қызмет атқарып жүрген еңбекқор жандарға алғыс білдіріп, жасап жатқан қызметтері үшін Алладан мол сауап тіледі. Тазалықшылардың қажырлы еңбегін бағалап, олардың денсаулығы мен жұмысына жеңілдік тілеп, игі тілектерін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру