«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ 20 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)
22 наурыз 2025
516
0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне және «Қайырымды жұма» акциясы аясында «Ырыскелді қажы» мешітінде игі іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік себеттері мен тұрмысқа қажетті көмек көрсетілді.
Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл қасиетті айда мұсылмандар тек өздерін рухани тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесуге, сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысады. Жақсылық жасау – Рамазанның басты қағидаларының бірі. Сол себепті, осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын нығайта түседі.
Пікірлер
Кіру