«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ»: ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚ ТАРАТТЫ (ФОТО)

22 наурыз 2025 412 0
Оқу режимі

«Ырыскелді қажы» мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне және Наурыз мейрамына орай игі іс-шара өтті. Ізгілік пен қайырымдылыққа негізделген іс-шара барысында қала тұрғындарына, оның ішінде көше тазалықшыларына, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне, емханадағы науқас жандарға наурыз сыйлығы таратылды.

Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл қасиетті айда мұсылмандар тек өздерін рухани тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесуге, сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысады. Жақсылық жасау – Рамазанның басты қағидаларының бірі. Сол себепті, осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын нығайта түседі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру