ZEKET HUB: МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ

20 қараша 2023 1376 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Zeket hub» қайырымдылық орталығы «Тайқазан» жобасы аясында Астана қаласындағы көпбалалы және тұрмысы төмен 52 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді және 25 қорап қияр таратылды. 

Сондай-ақ, «Жылу сыйла» жобасы бойынша мұқтаж отбасылардың үйіне көмір түсіріп берді. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы қамқорлыққа мұқтаж жандарға жылы лебізін білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру