«Зекет және қайырымдылық» қоры аудандық емханаға көмек көрсетті (ФОТО)

26 қаңтар 2022 2468 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында Ақмола облысы Целиноград аудандық емханасына медициналық жабдықтар табысталды.

Қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық» қоры директорының міндетін атқарушы Нұркен Ділмұханов, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит, Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Дәурен Сибанбаев және емхана ұжымы қатысты. Игі іс-шара барысында 2 дана оттегі концентраты мен 25 дана пульсоксиметр, сондай-ақ медициналық бетперделер табысталды.

Өз кезегінде емхана басшылығы сауапты іске ризашылығын білдіріп, атсалысқан Діни басқарма ұжымына алғысын жеткізді.

Еске салайық, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында 2020 жылы ИВЛ 18 дана, 918 оттегі концентраторын, 1 180 пульсоксиметр және медициналық бетперде мен дәрі-дәрмек жеткізген болатын.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру