Жаңа мешітте қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

06 мамыр 2021 3079 0
Оқу режимі

Алматы облысы Талғар ауданынан жаңадан ашылған Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінде қайырымдылық керуені өтті. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Алматы аймағы өкілдігі ұйымдастырған «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік пакеттері берілді. Сондай-ақ, Бас мүфти атынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арба сыйланды.

Наурызбай қажы Тағанұлы қуанышқа кенелген жандар мен осы қайырымдылық шарасына мұрындық болған азаматтарға ризашылық білдірді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру