ЖАНТ мүшесі «Aq meshit» мешітінде жамағатпен кездесті
12 мамыр 2026
27
0
Оқу режимі
Елордадағы «Aq meshit» мешітінде жамағатқа дастархан жайылып, рухани кездесу ұйымдастырылды.
Басқосуға келген жамағатқа «Ырыскелді қажы» мешітінің наиб имамы, Астана қалалық ЖАНТ мүшесі Берік Арын насихат айтты. Уағыз барысында мұсылманның көркем мінезі, бауырмалдық, ауызбіршілік және қоғамдағы адамгершілік құндылықтар жайында сөз қозғалды.
Кездесуде жамағат дастарханнан дәм ауыз тиіп, ақ дастархан басында еркін сұхбат құрды.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру