Жапонияда мобилді мешіт пайда болды

27 шілде 2018 7520 0
Оқу режимі

Жапония 2020 жылғы жазғы Олимпияда ойындарына дайындық жүргізуде, осы уақытта мұсылман меймандар үшін қолайлы жағдай жасау үшін елдегі спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыру компанияларының бірі дөңгелектегі мешіт жобасын ойлап тапты.

Компания директоры Асухару Иноуенің айтуынша, Жапония үшін мешіт санының аздығы 2020 жылы үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Себебі олимпиада ойындарына әлем елдеріне, оның ішінде мұсылман мемлекеттерінен мыңдаған адам келеді.

Ал мобилді мешіт жобасы осы жағдайдан оңтайлы шыудың бірден бір жолы. Стадион маңында спортшылар мен мұсылман көрермендердің құлшылықтарын уақтылы жасауларына мүмкіндік береді.

«Біз қонақжай ел ретінде өзіміздің тың идеяларымызбен бөлісіп, жапондардың мұсылмандарға қонақжайлылық танытаныны көрсеткіміз келеді» дейді компания директоры.

Бірінші мобилді мешіт қазірдің өзінде Тайота стадионы маңына келіп тұрады. 25 тонналық көлік ішінде  ұзындығы 48 метр бөлме сыйып кетеді, онда 50 адам намаз оқуына болады.

Пікірлер Кіру