ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: АСТАНАДА СТУДЕНТТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

17 наурыз 2025 489 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторы елордалық студенттер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ауызашар дастарханын жайды.

Астана қаласы «Жастар ісі» секторының жетекшісі Рахымжан Талғатұлының ұйымдастыруымен өткен бұл игі іс-шара жастардың басын қосып, Рамазан айының берекесін сезіндіруді мақсат етті. Рухани басқосуда имандылық, білім, тәрбие және қоғамдық жауапкершілік тақырыптары кеңінен қозғалды. Жиналған жастарға қасиетті Рамазан айының құндылықтары мен мұсылмандық міндеттер жайлы тағылымды насихат айтылды.

Кездесуде білімі мен біліктілігін арттырудың маңыздылығы, әрбір жастың өз саласының кәсіби маманы атанып, қоғамға пайдасын тигізуі – мұсылмандықтың бір көрінісі екені түсіндірілді. Сонымен қатар, ізгі амалдар жасау, өзгелерге көмек қолын созу, ізденіс пен еңбектің берекесі жөнінде маңызды пікірлер ортаға салынды.

Шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибесі мол азаматтардан ақыл-кеңес алды. Дін мен ғылымның ұштасуы, жастардың заман талабына сай білікті де саналы азамат болып қалыптасуы жөнінде пікір алмасу өтті.

Жиын соңында студенттер ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осындай рухани кездесулердің жиі өткізіліп тұруын қалайтындарын жеткізді. 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру