ЖАСТАР ЖАМАҒАТЫ СУ БАСҚАН АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖӘРДЕМ БЕРДІ

01 сәуір 2024 1185 0
Оқу режимі

ҚМДБ Жастар ісі секторына қарасты өңірлердегі орталық мешіт жастары су тасқыны болған аймақтарда жұмылып жұмыс атқаруда.

«Жас келсе, іске» демекші, жастар жамағатының белсенді атсалысуымен Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су тасқынына байланысты өкілдіктерде қаражат жиналып, азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, зардап шеккен халықтың сұраныса қажетті құрал жабдықтар сынды қайырымдылық қоржындары таратылуда.

ҚМДБ Жастар ісі секторына қарасты өңірлерде мешіт жанынан ерікті жастар тобы құрылып, тәулік бойына басқан ауыл-аймақтарда халықты мектеп және т.б. орындарға орналастырып, су тоқтату мақсатындағы төтенше жағдай қызметкерлеріне күніне 70-100 адамға ыстық тамақ таратып көмектесу үстінде.

Атырау облысында «Күшіміз – бірлікте» ұранымен облыстық әкімдік пен жастар ресурсттық орталығы, мешіт имамдары жамағатпен бірлесе көрші аймақтарға жүк көліктерімен азық-түлік таратуда.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру