«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

28 тамыз 2026 136 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Көктал» мешітінде әйел жамағатына «Жастар және қоғам» тақырыбында тағылымды семинар өтті.

Жиынға Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксеген, «Көктал» Мешітінің ұстазы Мухлиса Утегенова  қатысып, жастарға тәлім-тәрбиелік мәні зор насихат айтты.

Ұстаздар өз сөздерінде жастарды уақытты тиімді пайдалануға, білім алуға, ата-анаға құрмет көрсетуге, қоғамға пайдалы азамат болуға үндеді. Сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын сақтап, ізгілік пен жауапкершілік қағидаларын өмірлік ұстаным ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, жастардың қоғамдағы орны, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, білім мен тәрбиенің маңызы жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұстаздардан мазмұнды жауаптар алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру