ЖҰМА НАМАЗЫНАН СОҢ ЖАМАҒАТҚА «ПӘТУА САҒАТЫ» ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

31 наурыз 2023 2143 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті жұма күндері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Пәтуа сағатының» бүгінгі мәжілісі Рамазан айына арналды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Астана өкілдігі бойынша пәтуаға жауапты маман Ибраев Тамирлан Дарханұлы жамағат сұрақтарына жуап қайтарып, ораза туралы көптеген пайдалы ақпараттар айтты.

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Пәтуа сағаты» бұған дейін бірнеше мәрте екі тілде қатар ұйымдастырылып, жауапты қызметкерлер жамағатқа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған пәтуалар мен үкімдерді таныстырып келеді. Қасиетті Рамазан айы басталғалы «Пәтуа сағатының» негізгі тақырыбы оразаға байланысты болып келеді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру