Жұмыс тобының екінші күні: 1157 адамды қамтыған 23 іс-шара өтті (ФОТО)

16 қыркүйек 2021 2382 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған жұмыс тобы Атырау облысына жасаған сапардың екінші күнінде 1157 ​ адамды қамтыған 23 іс-шара өткізді.

ҚМДБ Төрағасы «Құран жаттау және діни сауат ашу» орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Мұнда шәкірттер 3 жыл ілім алып, медресе мен университетке түсуге дайындалмақ. Одан әрі Бас мүфти Атырау қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда Атырауда 35 мешіт бар. Алдағы жылдары облыста тағы 25 мешіт ашылмақ. Сондай-ақ Бас мүфти Атырауда Қазақстан теміржолы компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Ихсан ілімі туралы түсінік берілді.

Ұстаз Сансызбай Шоқанов ​орталық «Иманғали» мешітінде «Халал азықтың маңызы» туралы дәріс оқыды. Одан әрі «Мәулімберген» мешітінде жамағатпен кездесіп, ​ «Алланың құдіреті және Исламдағы ауызбіршілік» тақырыбында уағыз айтты. Белгілі ұстаз Батыржан Мансұров атыраулық имамдарға дәріс оқыды. «Уағыз айту әдісі» тақырыбында дәріс берген ұстаз Батыржан Мансұров имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ұстаз Қанат Алшынбаев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Онда «Радикалды пікірден алшақ болу» тақырыбында уағыз айтып, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобы мүшелері сапардың екінші күнінде барлығы 23 іс-шара өткізді.

            

 

  

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру