Крем жағу оразаны бұза ма?

15 мамыр 2018 10711 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Қасиетті Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын! Сіздерден сұрайын дегенім, аузы берік адамға крем жағуға болады ма? Денеге сырттан енген нәрсе оразаны бұзады деген естіп ем. Крем теріге сіңіп кетеді емес пе? Гүлнұр


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалындатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал, теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды. 

Абдусамат Қасым

Пікірлер Кіру