Ғұсылсыз адамның үйіне періште кірмейтіні рас па?

07 қараша 2020 8051 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! «Періштелер ғұсыл құйынбаған адамның үйіне кірмейді» дегенді қалай түсінуге болады? 


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Әли бин Әбу Толиб (р.а.): «Періштелер сурет, ит және жүніп адам бар үйге кірмейді»,[1] – деген хадис жеткізген.

Хадистегі «жүніп адам» сөзі ғұсыл құйынуға немқұрайлы қараушы адамға қаратыла айтылған. Әдетте, мұндай адам намазды өз уақытынан кешіктіріп оқиды. «Періштелер кірмейді» дегені мейірім және берекет періштелері меңзеліп тұр. Ал, амал жазушы періштелер жүніп адамды да басқаны да тастап кетпейді»[2].

Қолайлы жағдай болса, лезде ғұсыл құйынған жөн. Алайда, бұл үзірлі себептерге байланысты намаз уақытына дейін ғұсыл құйынуды кешіктіргендерге емес, жалпы ғұсыл құйынбайтындарға қатысты айтылған.

Қорыта айтқанда, ғұсыл құйынуды кешіктіру де өз кезегінде намазды кешіктіруге немесе оқымауға алып келгендіктен шариғат тұрғысынан тыйым етіледі.  Сондықтан, мұсылман баласы ғұсыл құйынуға асыққан жөн. 

 


[1] Әбу Дәуід, Насаи.
[2] Хашиат ғала сунән ән-Насаи

Пікірлер Кіру