«Дүние – мұсылман қапасы» деген хадисті қалай түсінеміз?

24 қараша 2020 1044 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! «Дүние – мұсылман үшін қапас» деген хадис бар ма? Оның мағынасын қалай түсінеміз?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Бұл хадисті сахаба Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дүние – мұсылманның қапасы, кәпірдің – жәннаты[1]»,- деген.

Аталмыш хадисті имам Науауи: «Мұсылман харам етілген құмарлық пен рақаттан және жағымсыз әрекеттерден тыйылған. Бұған қоса, нәпсіге ауыр тиетін құлшылық етуге міндеттелген. Ал, қайтыс болса Алла Тағала әзірлеген кемшілік атауынан ада нығметтерге кенеледі. Кәпір болса ұнаған рақаттары оған бұл дүниеде беріледі. Бірақ, ол рақаттары аз және өмірді улайтын лас болып келеді. Қайтыс болса, мәңгі азапқа кіріптар болмақ[2]»,-деп түсіндірме жасайды.

Демек, ақыреттік иләһи нығметтермен салыстырмалы түрде айтылуда. Десе де, мұсылман бұл дүниеде адал еңбек һәм маңдай термен өмірін абаттандыруы қажет.


[1] Муслим
[2] Шарх имам Муслим, 18-93

Пікірлер Кіру