Ораза аятындағы ақ жіп пен қара жіптің мағынасы не?
Ассаламу алейкум! Құран Кәрімде ораза тұту жайлы аяттың бірінде «Ақ жіп пен қара жіп айырылғанша ішіп-жеңдер» делінген екен. Мұның мағынасы не?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Құран Кәрімде: «...Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін ұстап аяқтаңдар...»[1],-деп әмір етілген. Аяттағы ақ жіп – көкжиектен созылып көрінетін таңның атуы. Ал, қара жіп – түннің қараңғылығы. Таң мен кешті жіпке теңеуінің себебі – созылып жіп сияқты боп көрінуінен[2].
Бұл жайлы мынадай хадис бар. Ади бин Хатим (р.а.): «Мен ақ және қара қос жіпті алып жастығымның астына қойдым. Екеуіне қарап қоямын, бірақ ақтан қараны ажырата алмадым. Мұны Пайғамбарға (с.ғ.с.) айтқанымда ол: «Расында сен жүрегің таза жансың. Ол таңның ағы мен түннің қараңғылығы»,[3] – деп жауап берді.
Демек, ақ жіп – таңның атуы, ал қара жіп – күн батып кештің түсуі.