Әйел күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза тұта алады ма?

23 шілде 2021 10479 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Ережеп және шағбан айларында ораза тұтуға ниет етіп жатады. Сұрайын дегенім, нәпіл ораза ұстау үшін күйеуімнен рұқсат сұрауым қажет пе?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Шариғатымыз бойынша, егер күйеуі рұқсат бермесе, әйелдің нәпіл ораза тұтуына болмайды. себебі, күйеуі күндіз әйелімен жақындасуды қалауы мүмкін. Сондықтан, күйеуінің ақысына зиян тигізбеу үшін әйелі алдын ала ораза тұтатынын ескертіп, ерінің рұқсатын алуы керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Күйеуі үйінде бола тұра, оның рұқсатын алмай әйелге ораза тұтуға болмайды[1]», – деп айтылған.

Ал, егер әйел күйеуінің тыйымына құлақ аспастан нәпіл ораза ұстайтын болса, Пайғамбар (с.ғ.с.) әміріне қарсы әрекет еткені үшін сауап емес, күнә жазылады. Бұған қоса, әйелдің күйеуіне бойұсынуы – уәжіп іс.

Дегенмен, ер кісі әйеліне нәпіл ораза тұтуға рұқсат беруі абзал. Ораза әйелдің мінез-құлқын түзеп, ерік-жігерін күшейтеді.

Руслан Камбаров


[1] Бұхари, Муслим

 

Тегтер: нәпіл ораза
Пікірлер Кіру