Жеңгеме үйленсем бола ма?

20 қазан 2018 12346 0
Оқу режимі

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев інісі қайтыс болғаннан кейін оның әйеліне үйленді деп оқығанмын. Шариғат бұған қалай қарайды? Жалпы бұл дұрыс па? 


Жауап

Дұрыс айтасыз, Абай Құнанбаев інісі Оспан дүние салған соң оның жұбайы Еркежанға үйленді. Қазақтың бұл дәстүрі әмеңгерлік деп аталады. Осы дәстүр бойынша, бір еркек қайтыс болғанда оның бауырларының бірі марқұмның жесіріне үйленіп, бала-шағасына қамқор болады. Қазақтар жайлы «жесірін қаңғыртпаған» деген сөз бар, яғни, қазақтар жесір қалған әйелдерді, олардың бала-шағаларын жетімсіретіп, жәудіретіп қоймай, өздерінің әулеттерінде сақтап қалып, бағып-қағып, қамқорлық жасайтын болған.

Сахабалар мен тәбиғиндердің арасында да осындай дәстүр болған. Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) немересі Умму Кульсум (р.а) күйеуі Мухаммад ибн Джәғфәр (р.а) қайтыс болғаннан кейін оның бауыры Абдуллаһ ибн Джәғфәрға (р.а) тұрмысқа шыққан. Сол себепті, мұндай неке шариғат тұрғысынан да, жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан да құпталады.

Бұрын қазақтарда балалар үйі және жезөкшелік деген ұғымның болмауының себебі де осы шығар.  


Жауап берген: Мақсатбек Қаирғалиев

Пікірлер Кіру