Саһу сәждені орындамаған адамның намазы дұрыс па?

13 мамыр 2025 846 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкүм, саһу сәждені орындамаған адамның намазы дұрыс па?


Жауап

Намаздың уәжіптерін бірін тастағанымызда немесе дұрыс орындамағанымызда, осы олқылықты түзететін намаздың соныңда жасалатын саһу сәждесі бар екені мәлім. Саһу сәжденің үкімі - уәжіп[1]. Хадисте:

 

إذا شك أحدكم في صلاته، فليتحر الصواب، فليتم عليه، ثم ليسجد سجدتين

 

«Бірілерін намаздың ішінде күмәнға түсіп қалса (мысалға неше ракағат оқығаның ұмытса), барынша дұрысын анықтасын (яғни, анығында неше ракағат оқығанын анықтауға тырыссын). Сөйтіп сол дұрыс деп шешкен ой бойынша намазын аяқтап, ең соныңда екі сәжде жасасын (яғни, саһу сәждесін)»[2].

Бірақ саһу сәждесін жасамай намазды аяқтаған кісінің жағдайы не болмақ?

Саһу сәждесі мысалға төмендегі жағдайлар себепті орындалмауы мүмкін:

-     Имам кісі айт, жұма намаздарында қателік жасап, жамағат шатасып қалмасын деп саһу сәждесін әдейі орындамай тастайды. Бұл істің дұрыс екендігін көптегін ғұламаларымыз қолдаған[3].

-     Саһу сәждесін жасау керек екенің ұмытып немесе әдейі тастап кеткен кісі екі жағдайға тап болуы мүмкін: Иә, сәлем бергеннен кейін намазды бұзатын қандай да бір әрекет жасамай, саһу сәждені жасау керектігін есіне түсіруі мүмкін. Иә, намазды бұзатын әрекет жасағаннан кейін есіне түсіруі мүмкін. Намазды бұзатын әрекет деп құбыладан толықтай бұрылып кету, сөйлесу, көп қимылдау сияқты істерді меңзеп жатырмыз.

A.     Бірінші мәселеде: яғни, намазды бұзатын әрекетті жасамастан еске түсірсе, сол жерде саһу сәждесін жасап намазын аяқтайды. Сөйтіп оның намазы толыққанды дұрыс атқарылған болып саналады[4].

B.     Ал намазды бұзатын әрекетті жасағаннан кейін есіне түссе, онда намазды қайтып оқу уәжіп болады. Қайтып оқымаған жағдайда сол намазы харамға жақын макруһпен жүзеге асқан болып есептеледі.

Астана қаласының пәтуаға жауапты маманы Дарханұлы Тамирлан


[1] Хасан ибн Омар А-ш-Шурунбуляни, “Мароқи-л-Фалах шарху Нури-л-идох”, 2-ші том, 145-ші бет.

[2] Имам ибн Мажа жеткізген хадис

[3] МухаммадАмин ибн Омар (Ибн Абидин ретінде танылған) “Хашияту ибн Абидин”, 4-ші том, 517-ші бет.

[4] МухаммадАмин ибн Омар (Ибн Абидин ретінде танылған) “Хашияту ибн Абидин”, 4-ші том, 515-ші бет.

 

Пікірлер Кіру