Қандай адамдардың жаназасы оқылмайды?

15 қараша 2018 19067 0
Оқу режимі

Шариғатымызда жаназасы оқылмайтын адамдар болады екен. Солардың қатарына кімдер жатады?


Жауап

Үлкен-кiшi, ер немесе әйел болсын әрбiр мұсылманға жаназа намазын оқу парыз. Алайда белгілі бір себептермен жаназа оқылмайтын  кісілер болады. «Ат-Табиинде» жаназа намазы оқылмайтын адамдар қатарына төмендегілер жатқызылады:

1. Бүлікші, мұсылмандарға қарсы қару қолданып, соғыс ашқан кісілер;

2. Қарақшылық шабуыл кезiнде өлген тонаушылар және сол сияқтылар;

3. Ата-анасын өлтiргендер: оларға қорлық болу үшін жаназа оқылмайды.

Абайсызда өзiн-өзi бiлмей өлтiрген адамды жуып, жаназа намазын оқу керек (мысалы, жауды өлтiремiн деп абайсыздан өзiн өлтiрiп алған). Ал, өзге дінге, сектаға кірген кісінің жаназа намазы оқылмайды, мұсылмандар зиратына жерленбейді.

Жаназа пәтуасы

Тегтер: жаназа
Пікірлер Кіру