Құлпытасқа сурет салу дұрыс па?

10 ақпан 2020 18331 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Сіздерден сұрайын дегем, қайтыс болған туысымыздың қабіріне суретін қойдыру жайында ортақ шешімге келе алмай отырмыз. Шариғат бойынша үкімі қандай?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Құлпытастарға марқұмның бейнесін салу, мүсінін қашап қою, табыттың алдында өлген кісінің суретін алып жүру немесе кішкентай суреттерін жағасына қыстырып жүруге рұқсат етілмейді. Мұндай әдеттер мәйіттің қабірде қиналуына себеп болады. Дінімізге кейіннен енген мұндай жат, кірме әдеттерден арылу қажет. 

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабынан

Пікірлер Кіру