Ішімдік ішілген бөлмеде намаз оқыса бола ма?

03 маусым 2020 9800 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Кейде осындай жағдайлар болып қалады. Ішімдік ішілген бөлмеде намаз оқи берсем бола ма?


Жауап

Егер басқа мүмкіндік болмаса ішімдік ішілген және ішілетін бөлмеде намаз оқыса болады. Бөлмеде ішімдіктің болуы да намаздың орындалуына және дұрыс болуына ешқандай қайшылығы жоқ. Тек жайнамазы нәжістен таза болса жеткілікті.[1]

Ханафи мәзһабында намаз дұрыс болу үшін ең азы намаз оқушының маңдайы және тізелері таза жерге тиюі керек. Таза жер дегендегі мақсат ол: жайнамаз, тас, топырақ, ағаш немесе тағы басқа да нәжіс емес материалдар болуы мүмкін. Яғни, намаз оқу үшін міндетті түрде арнайы тігілген жайнамаз болуы міндетті емес. 

Бақытжан Өткелбаев

Пікірлер Кіру