"АДАМДЫ АЙНАЛМА"

16 қаңтар 2024 2137 0
Оқу режимі

Ертеде науқас меңдеп қиналып әл үстінде жатқан жалғыз ұлын ажалға қия алмаған байқұс ана Жаратқанға жалбарынып:

"Я, Алла, баламның орнына менің жанымды ал, мен құрбандық, мен құрбандық!" - деп шырылдап ауру перзентін айнала беріпті, айнала беріпті. Ақыры ана жан үзіп, жігіт аман қалған екен дейтін аңыз бар.

"Адамды айналса сол кісіге садақа болады, егер абайламай айналып өтсе, жаңағы жүрген жолымен қайта қайту керек" деген тыйым айтылған.

 

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

Пікірлер Кіру