АЛДЫМЕН ӨТІРІГІҢДІ ТЫЙ!

16 қазан 2023 2453 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әлемде ең бірінші өтірік айтқан шайтан және кімде-кім өтірік айтса, ол бізден емес», - деген. Халқымызда «Өтірік - өрге баспайды» деген нақыл бар. Дінімізде өтіріктің қай түріне болса да тыйым салынған. Өтірік айтуға дағдыланған адамды «мұнафиқ», яғни екіжүзді дейді. Құранның «Тин» сүресінде «Тозақта бұлардың орны - төмендердің төмені» делінген. Қалжыңдап өтірік айтса да, ол күнә болып есептелінуі мүмкін. Ойнаудың да шегі бар.

Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін хадис жинақтаушы имам әл-Бухари бір адамнан хадис естуге келеді. Әлгі адам бос ат дорбамен жылқысын алдап шақырғанын көрген имам Бухари «Малды алдаған адамды да алдайды» деп, хадисін естімей кері қайтыпты.

Өтірікті тек мына жағдайларда айтуға рұқсат етіледі: соғыста тұтқынға түске-де, ерлі-зайыпты мен ағайындыларды жарастыру, жақсылыққа шақыру мақсатында, ауру адамның көңілін аулау үшін (жағдайыңыз жақсы, жазылып келесіз деп). Мұның да өзіндік мөлшері болады.

Мұса (Алланың сәлемі болсын) пайғамбарға бір адам келіп: «Меніңөтірік айтатын, ұрлық жасайтын және арақ ішетін үш күнәм бар, мұныңәуелі қайсысынан тыйылсам болады?», - деп сұрағанда,«Өтірігіңді тый!» деген екен. Күнделікті өмірімізде өтіріктің ең көп айтылатын жері - сауда орындары. Алып сататын затының қандай да болсын кемістігін жасырып, не тым асырып мақтауымен өтірікшінің қатарына енгені.

Өтірік - көп күнәнің басы болып есептелінеді. Әсіресе, жастайынан өтірік айтуды үйренген бала соған жаны құмар боп алады. Дер кезінде ата-ана қылығын тоқтатып, имандылық пен Исламнан хабар бермесе, бала өсе келе өтірік айтудан ләззат алатын болады. Бұл үлкен қауіп! Алла Тағала қиямет күнінде Өзінің назарынан тыс қалдыратын адамдардың бірі де осы - өтірікшілерден келеді. Алла шындықты сүйеді. Сондықтан өтіріктен қашып, шындыққа келген, күнәдан арылып, сауапқа ерген, тозақтан құтылып, жәннатқа енген Жаратушымыздың салиқалы құлдарынан болуды Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін!

 

 

Пікірлер Кіру