Әли мен Фатима қалай татуласты?

03 желтоқсан 2018 10473 0
Оқу режимі

Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде бір мәмілеге келе алмай, өз ара тартысады. Осы кезде Алла елшісі (с.ғ.с.) келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Алла елшісі дем алмақ болып жерге төсеніш төсейді.

Хақ пайғамбар (с.ғ.с.) жерге жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындап отырды. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған Алла елшісі (с.ғ.с.) хазіреті Әлидің (р.а.) қолынан ұстап алып көкірегіне апарды. Бір қолымен хазіреті Фатиманың да (р.а.) қолынан ұстап оны да көкірегіне апарды. Осылайша екеуі табысқанға дейін жібермеді.

Екеуі қайта татуласқан соң Алла елшісі (с.ғ.с.) үйден күлімдеп шықты. Оның осы қуанышын көрген сахабалар қуаныштың сырын сұрады. Хақ пайғамбар (с.ғ.с.): «Неге ғана қуанбайын. Жаңа ғана ең жақсы көретін екі адамымды жарастырып келдім», – дейді[1].

 


[1] Ибн Хажар, Исәбә

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру