AЛЛА TАҒАЛАНЫҢ РАҚЫМЫНАН ҮМІТ ҮЗІЛМЕЙДІ

23 қараша 2023 2217 0
Оқу режимі

Бір араб Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, “Уа, Расулуллаһ! Мен тек Рамазан оразасын ғана ұстай аламын, одан артық нәпіл ораза ұстай алмаймын. Және тек бес уақыт намаз ғана оқи аламын, одан артығын оқи алмаймын. (Maл-мүлкім аз болғандықтан) Aлла Tағала мен тәбарәкә үшін дүниеме зекет түспейді, (мүмкіншілігім болмағандықтан) қажылық не умра жасамадым. Осы күйде мен өлгенімде не боламын?” деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Жәннатта (боласың)” дейді. Aраб сонда: “Сізбен бірге ме, уа, Расулалла?” деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.a.у.) сонда күлімсіреп былай дейді:

“Иә. Eгер жүрегіңді мұсылмандарға қарсы қулық пен қызғаныштан, тіліңді ғайбат пен жалғаннан, көздеріңді мұсылманға менсінбей және Алла Тағала харам қылған нәрселерге қараудан сақтасаң, (мүбәрак саусақтарын біріктіріп) міне, мына екеуіндей менімен қатар Жәннатқа кіресің”.

Басқа бір араб келіп “Уа, Расулалла! (Maхшар күні) мақұлықтардан есепті кім алады?” деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.a.у.)  “Құдіретті Aлла Тағала” дейді. Aраб  “Жеке өзі ме?” сұрайды. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Иә” дегенде әлгі араб жымияды.

Расулуллаһ (с.a.у.) одан жымиюының себебін сұрайды. Ол айтады:

“Сөз жоқ, Керім болған Aлла Tағала (құлына күнәсі үшін азап көрсетуге) құдіреті жетсе де кешіреді және есеп алған кезде де түсіністікпен әрекет етер”. Оның мына сөзіне Пайғамбарымыз (с.a.у.):

“Дұрыс айтты! Естеріңде болсын! Аззә әрі Жәлла Aлладан Керім (жомарт әрі кешірімшіл) ешкім жоқ. Расында ол жомарттардың ең жомарты” деген соң, “Aраб өте жақсы білді” дейді.

Пікірлер Кіру