АЛЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТ! (Аят)

15 қаңтар 2024 2807 0
Оқу режимі

Құранда:  «Егер шешім  қабылдасаң, Аллаға тәуекел ет» Әли Имран» сүресі, 159-аят) – деген зор мазмұнды аят бар. Біздің көпшілігіміз шешім қабылдауда көп қобалжимыз. Қайсысы дұрыс болар деп, басымызды ауыртамыз. Мұндай жағдайда мұсылманның жолдастарымен кеңесіп, Алладан қайырлысын тілеуі өте маңызды. Айналасындағылармен ақылдасқаннан кейін шешім қабылдап, Аллаға тәуекел етіп, іске кірісу қажет. Құранда «Әли-Имран» сүресінің 159- аятында Алла Тағала:

«Жұмысыңды олармен кеңес. Шешім қабылдағаннан кейін Аллаға тәуекел ет. Өйткені Алла Тағала өзіне сеніп, тәуекел еткендерді жақсы көреді», – деген.  («Әли Имран» сүресі, 159-аят)

 Қандай да бір мәселе сені мазаласа, сол саланың адамдарымен кеңесу керек. Сонан соң Алла тағаладан қайырлысын сұрап, нәтижеде көңілі қайсысын қаласа соны істегені дұрыс. Мұнафықтықтың бір белгісі осындай жағдайда түрлі ой айтып, адамды күмәндандырып, игі жоспарларды бұзу болып табылады. Өйткені олардың өздері әрдайым екіұшты ойда болғандықтан, нақты шешімге келе алмайды. «Әли-Имран» сүресінің 167-аятында:

«Үйлерінде отырып алып, туыстарына: «егер олар тілімізді алғанда, өлтірілмес еді» дегендерге, «өлімді өз бастарыңнан арашалап алып көріңдерші, егер айтқандарың шын болса» – деп мұнафықтардың сөздерін мысалға келтірген.

Мұнафықтар әрдайым «егер» деген сөздерді жиі қолданады. Аяттағы «егер олар тілімізді алғанда, ажал құшпас еді» – деген секілді.

 Алайда олар ақырет үшін қайсысы қайырлы екенін білмейді. Сондықтан олар «шіркін»,  «мүмкін»  деген сөзді өте жақсы көреді, бұларды жиі қолданады. Өйткені олардың иманы болмағандықтан әрдайым қиыншылықтан қашып, оңайды армандап, не істерін білмей жүреді. Олардың осындай құбылмалығы жайлы Құранда «Ниса» сүресінің 142 – аятында: «Олар не онда жоқ, не мұнда жоқ, екі ұдай мұсылман мен кәпірдің ортасында» – деп, бірде мұсылмандарға, бірде мүшріктерге болысып, екіарада жүре беретіндіктерін айтқан. Және бір хадисте:  «Шындығында, мұнафықтар екі отардың ортасында қалған мал секілді», – деген. Сондықтан олар әрдайым екіойлы жүргендіктен, Аллаға сеніп, тәуекел ете алмайды.

Уиллиам Джеймс былай дейді:

 «Сол күні орындалуы керек болған істі орындауға бел бусаң, өзіңді мәселенің нәтижесімен ойландырып қоятын уайымнан толықтай айрыласың. Бұл дегеніміз – егер сен дәлелге сүйенетін жақсы шешімге келсең, еш бүгілмей, қобалжымай, артқа шегінбей соны орындауға кіріс. Өзінен кейін тек күдік қана туғызатын бос уайыммен уақытыңды далаға кетірме және артыңа қарама».

Шешім қабылдаудағы батылдық қобалжу мен күйзелістен құтқарады. «Мұхаммед» сүресінің 21-аятында:

«Іске бекінген сәтте, Аллаға берген сөздерінде тұрса, олар үшін қайырлы болар еді», – деген.

 

Пікірлер Кіру