АҚЫЛ ЕҢ ҮЛКЕН БАЙЛЫҚ

22 мамыр 2024 1552 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:

 «Алла Тағала жер бетінде ақылдан бағалы ешбір нәрсені жаратпаған. Жер бетіндегі (мінсіз) ақылдың ақымақ сәйкестіктен де кем екендігі күмәнсіз» -деген.

 Алла Тағала діннің негізі, дүниенің тірегі еткен адамдық ізгілік пен әдептіліктің таптырмас көзі – ақыл. Өйткені діннің адамдарға парыз болуы, дүниелік үкімдерді қолдану олардың ақыл-ойының кемелдігіне байланысты.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

 «Адамның ең жақсысы – иесін тура жолға салатын немесе оны жойылуға апаратын істерден тыятын ақыл-ой» – деген.

«Әр нәрсенің тірегі бар, ал адамның іс-әрекетінің тірегі – оның ақыл-ойы. Адамның Раббысына құлшылық жасауы оның ақыл-ойының мөлшеріне қарай. Естімедің бе, күнәһарлар азапталғанда:

«Олар: «Егер біз мойынсұнған немесе ақылдарын дұрыс пайдаланған адамдар болсақ, тозақтықтардан болмас едік» - деп олар өкінеді» («Мүлк» сүресі, 10-аят).

Сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдында бір адамды жақсы есіне алғанда:

«Оның ақыл-ойы қандай?» деп сұрайды.

Бұған жауап ретінде сахабалар:

«Уа, Алланың Елшісі! Ол былай ғибадат етеді, мынандай ахлақы бар, ол осындай өнегелі, мынандай әдепті» - деп оның ізгі қасиеттерін санай бастайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 «Оның ақыл-ойы қалай?» деп тағы да сұрайды.

 Сахабалар таң қалып:

«Уа, Алланың Елшісі! Біз оның ғибадаттары мен мойынсұнулары туралы айтып отырмыз, бірақ сіз оның ақыл-ойы туралы сұрайсыз. Біз мұның хикметін түсіне алмадық» - дегенде:

 «Ақылы аз болған абид  күнәһар біреудің күнәлары кесірінен түсетін басына келетін пәлелерге ұшырайды. Адамдар Алла Тағалаға ақыл-парасатының шамасында жақындайды» - дейді.

 Имам Тирмизи (р.а.):

«Адамның ең үлкен байлығы – оның ақыл-ойы мен уақыты. Ұсақ-түйек істермен айналысып, санасы мен жүрегін бүлінген ой-пікір жаулап, байлығынан айрылған адам қалайша пайдалы болмақ" - деген.

Пікірлер Кіру