АҚЫҢЫЗ БОЛМАҒАН МАЛДЫ ЖЕУДЕН САҚТАНЫҢДАР

11 қазан 2023 1914 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адамдардың басына; тапқан малының адал жолдан ба, әлде харам жолдан ба екеніне мән бермейтін, сондай бір заман келеді». («Сахих Бұхари»)

Әділдік – басқаның мүлігіне көз тікпеу, зұлымдық жасамау. Әділдіктің антонимі – зұлымдық, басқасының ақысын жеу. Пайғамбар мырзамыз (с.а.у.): «Зұлымдық жасаудан сақтаныңдар! Өйткені зұлымдық жүректеріңді қирандыға айналдырады» - деген.

Қарым-қатынаста (сауда саттық т.б.) бір-біріңнің малына және ақысына барынша мән берсеңдер, келісімде ақы жеуден, қайшылыққа себеп болатын бұзық шарттардан сақтансаңдар істің сотқа дейін баруынан құтыласыңдар. Алда-жалда сотқа барып жатсаңдар сотты да, өздеріңді де өтірік, айлакерлік және пара сияқты харам нәрсемен көндіруге мәжбүр болмайсыңдар. Сотты бұзық жолға итермелемей, зұлымдықтың алдын алып, орынсыз бір-біріңнің малын жеген болмайсыңдар. Тіпті сот сенің пайдаңа шешілсе өзіңді дұрыс санамай, әруақыт хаққа мән беруің керек. Халықтың малын жемей, сақтанып жүрсең жоғарылайсың, үкімің өтімді болады, міндеттер дұрыс орындалады, Алланың құлдарының ісі дұрыс іске асады, бүліктің алдына тосқауыл қойылады, бақытты өмір сүресің».

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдында екі дұшпан соттасуға келген еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Мен де сендер сияқты адаммын. Ал сендер менің төрелігіме жүгінесіңдер. Біреуің дәлелдеріңді кем түсіндіргенде мен де тыңдағаныма қарай үкім беруім мүмкін. Яғни кімге бауырының ақысынан бір нәрсені үкім берсем (ақысын өткізіп қойсам) оған оттың бір бөлшегін үкім қылған болам».

Сол кезде екі кісі де жылап екеуі де: «Менің ақым бауырымдікі болсын» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Барыңдар, тексеріңдер, кейін бір біріңе разылық беріңдер» деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір хадис шәріпте былай дейді: «Жаратушым Ұлы Алла мені келісім жасасқан адамға немесе басқасына зұлымдық қылуыма тыйым салған»

Пікірлер Кіру