ӘРБІР НӘПСІ / ЖАН АЖАЛДЫ ТАТАДЫ

14 желтоқсан 2023 1983 0
Оқу режимі

Али-Имран сүресінің 185-ші аятында:

“Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар. Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе, зор жетістікке һәм мақсат-мұратына жеткені. (Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те емес” дейді. Бұл аят былай тәпсірленген:

Әрбір нәпсі; жаратылған әрбір тіршілік иесі, періштелер мен жындар да өлімнің дәмін татады; өлімге душар болады. Тағдырға жазулы мерзімі келгенде мына дүниелік өмірден қол үзеді. Мұнымне қатар, өйтіп өлгендер қайта тірілмейді емес. Белгілі уақыты болғанда бүкіл өлгендер Алланың құдіретімен қайтадан өмірге ие болып, мәңгілік әлемге барады.

Енді, уа, міндетті халайық! Сендер де жаңа өмірге барасыңдар және сөз жоқ, сендерге дүниеде істеген жақсы және жаман амалдарыңа қарай сауаптарың, қарымдарың мен жазаларың қиямет күні, қабірлеріңнен шығып махшарға бағытталған күнде толық өтеледі.

Амалдарың қайырлы болса, жазалары да қайырлы болмақ. Керісінше амалдарың жаман болса, сендердің жазаларың да жаман болады. Ал сол қиямет күні кімде-кім оттан аулақтатылып, жаһаннамға тастауға Илаһи ерік дәргейінен пәрмен болмаса, мәңгілік салауат пен бақытқа қауышқаны, ақырет азабынан құтылып, мұратына жетіп, илаһи ізгілікке бөленгені.

Міне, адам осылай мәңгілік бақытқа қол жеткізу үшін еңбектенуге тиіс және оны ең маңызды мақсат санау керек. Дүниелік өмір болса, яғни мына дүниедегі бүкіл байлық пен дәулет, қызмет пен мансап, тән ләззаты, шаруа, ішіп-жем болса – адамды марқайтатын алдамшы, өткінші пайдадан басқа түк емес. Сондықтан мұндай өткінші, пәни нәрселерге бола адам шамадан тыс мұңайып, уайымға батпауға тиіс...

 

Пікірлер Кіру