Арман ұрлайтын мұғалім

19 тамыз 2020 6492 0
Оқу режимі

Үлкен ферманың қожайыны өз үйінің қабырғасына бір кезде асығыс салынған суретті әдемі рамкаға салып іліп қойған. Қожайын жыл сайын жазда фермасын оқушылар үшін демалатын орынға айналдырып тұратындықтан, ол жерге көп адамдар келіп тұрды. Сол кезде әлгі ілулі тұрған сурет туралы білгісі келетіндер көп болғанмен, ол ауыз ашпайтын. Сұрақтарын жауапсыз қалдыратын. Биыл жазда ұзақ уақыт сақтап келген суретті қолына алып, оқушы балаларға басынан өткен өмірі туралы әңгіме қозғады:

- Бұрындары бір оқушы бала болыпты. Баланың әкесі ат үйрететін қарапайым адам екен. Бала бастауыш сыныпта оқып жүргенде мұғалім болашақта кім болатынын, қандай мамандықты қалайтыны туралы жазып келуге тапсырма береді. Сол түні оқушы бала бір үлкен ферманың қожайыны боламын деп өз арманын жеті парақ сүттей ақ қағазға жазып, ферманың нобайын суретке түсіріп шығады. Алайда келесі күні мұғалім баланың үй тапсырмасына сиясы қызыл қаламмен F қойып, былай дейді:

- Балақай. Сенің арманың орындалмайтын арман. Қазір өз жағдайыңа қарашы. Егер шынайы орындалатын арманың болса, жақсы баға беремін!.

Үйіне келіп түні бойы ойланған соң кеше жасаған үй тапсырмасын ертеңінде қайта сол күйінде алып келіп, оқушы мұғалімге былай деп айтқан екен.

- Мұғалім қандай баға берсеңіз де өз еркіңізде. Бірақ мен өз арманымды өзгерте алмаймын!

Ферманың қожасы балаларға қарап тағы да былай деді: «Сендер, сол баланың жүзеге асқан арманының куәсі болып тұрсыңдар. Бұл сол бала салған сурет. Айналайындар! Осыдан біраз жыл бұрын ең төмен баға қойған мұғалім оқушыларын ертіп, осы жерге келіп кетті. Ол кісі жылап, маған бір сөз айтқан еді.

- Мен оқушылардың арманын ұрлаған ұрлықшы мұғалім болған екенмін. Көп оқушылардың әдемі армандарын ұрладым. Ал сенің жігерің мықты болып, айтқаныңнан қайтпай арманыңа жеттің..!

Корей жазушысы И. Дохуанның қысқа әңгімелері

Пікірлер Кіру