Аятқа себеп ауызашар

16 мамыр 2019 8653 0
Оқу режимі

Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хүсейін кішкене кездерінде ауырып қалады. Уайымдап қалған Әли мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды.

Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті.

Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып,алдарындағы асты ауыздарынан жырып, табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға береді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді»[1].

 


[1] «Инсан» сүресі, 7-9, 21 аяттар.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру