БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 9 ТҰЖЫРЫМ

17 мамыр 2024 1856 0
Оқу режимі

Шындығында әрбір отбасының бала тәрбиесі жөнінде өз тұжырымдамалары бар. Алайда, тәжірбие жүзінде қандай тәрбие түрі барын көру қызық. Осы орайда бала тәрбиесіне қатысты өзіміздің 9 тұжырымдаманы назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз:

1. Бала тура сіздің көшірмеңіз, берілген тәрбие оған сіз сияқты болуыңызға емес, өзін-өзі қалыптастыра алуына көмектесуі тиіс.

2. Оған жасағандарыңыз үшін баладан ақы сұрамаңыз. Сіз оған өмір бердіңіз, бірақ бұл үшін ол сізге алғысын қалай білдіре алады? Ертең ол да біреуге өмір сыйлайды, ал ол тағы біреуге... Бұл табиғат заңдылығы.

3. Қартайған шағыңызда бармақ шайнап қалмас үшін, тәрбие процесі кезінде бар ашуыңызды баладан алушы болмаңыз. Не ексең, соны орасың деген.

4. Оның мәселелеріне жоғарыдан қарамаңыз. Өмір ауыртпалығы әркімге өз күшіне қарай беріледі.

5. Тәрбие барысында қысым жасамаңыз.

6. Өз балаңызға әлдене істеп бере алмасаңыз, ол үшін өзіңізді қинамаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрып, оны жасап бермесеңіз ол үшін қиналуға болады.

7. Істеген ісіңіз толық аяқталмаса, онда ол бала үшін жеткіліксіз істелген іс болып есептеледі. Бұл тәрбиедегі ең басты қағиданы есте ұстау керек.

8. Өзгенің баласын жақсы көре біл. Өз балаңызға біреудің қиянат жасағанын қаламасаңыз, сіз де оны біреудің баласына жасамаңыз.

9. Талантсыз, аңқау, бұзық, мейлі үлкен жаста болсын, қандай болса да балаңызды жақсы көре біліңіз. Онымен тіл табыса отырып қуаныңыз. Себебі, қасыңызда болған кезде бала деген ол өзінше бір мереке.

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан өзінше бір түйін жасауға болады. Өз баласына бар жақсыны беру үшін, көзі ашық ата-ана бірінші өзі жақсы болуға тырысады. Бұл тәрбиенің ең басты кілті.

 

Пікірлер Кіру