БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕДЕ АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЙЫП ҮЙРЕН!

25 маусым 2024 1291 0
Оқу режимі

-Бір адамды түрі үшін жақсы көрсең, ертең көркі бұзылғанда оған деген махаббатың өшеді.

-Бір адамды тапқан мүлкі, байлығы үшін жақсы көрсең, ертең ақшасы біткенде оған деген құрметің азаяды.

 -Бір адамды атағы, мансабы үшін сыйласаң, күндердің күні ол да бітеді.

Ең дұрысы, Алла разылығы үшін сүйіп, Алла разылығы үшін жақсы көру! Алла разылығы үшін жақсы көру дегеніміз – бір адамды бойында Алла сүйетін істері болғаны үшін ұнату.  Мәңгі таусылмайтын, түгесілмейтін, шынайы махаббат осы!

Барлық махаббат таусылады, барлық нәрсенің шеті, шегі болады. Алайда, Алла разылығы үшін жақсы көрудің ғана ғұмыры ұзақ. Себебі,  Алла – мәңгі Тірі, Ол ешқашан қалғымайды, ұйықтамайды. Алла разылығы үшін жақсы көрген адам кез келген қиындықтың уақытша екенін есіне алады,  кез келген кедергіні оңай еңсереді.

Алланың сыйынан үміт етеді.

Ендеше, барлық мәселеде Алланың разылығын бірінші орынға қойып үйреніңіз. Сонда ғана өміріңіз оңайлайды, сезіміңіз жоғалмайды.

Алла бәрімізге Оны сүйетін жүрек, Оның разылығын іздеп атқаратын ізгі амалдар нәсіп етсін!

 

Пікірлер Кіру