«БҰЛ ХАЛАЛ, АЛ МЫНАУ ХАРАМ»- ДЕП ТӘРБИЕЛЕУ

09 қазан 2025 1018 0
Оқу режимі

“Бұл халал, ал мынау харам” деп тәрбиелеу - Құдайдан қорқатын ұрпақ өсіреді.

Ал “ұят болады” деп тәрбиелеу – жұрттан қысылатын, адамдардың алдында ненің ерсі, ненің дұрыс не бұрыс екенін ажырататын ұрпақ өсіреді.

Сондықтан да, балаға тәрбие берерде ненің ұят екенін, ненің харам-халал екенін үйретсеңіз, ерсі қылықтардан ада, ешкімнің ала жібін аттамайтын ұрпақ жетіледі…

-Қоғамымызда сезім тапшылығы соншалықты,

жылы сөз не кішкене мейірімділік көрсе, көп адам оны бірден “махаббат” деп түсінеді!

-Білім, түсінік, жаттау, оқыған кітаптарың қанша көп болса да, егер оны көркем мінезің сүйемелдемесе, ол ілімің өз есігіңнің табалдырығынан әрі аспайды!

-Махаббат тек екі тірекпен тік тұрады:

қамқорлық пен құрмет. Бірі болмаса, ол - ақсап тұрған махаббат…

-Біреу жердің құрттын менсінбей қарап еді,

құрт күліп тұрып: “Тәкәппар болма, адам! Ертең сен - менің тамағымсың!” деді…

-Ауа температурасы - нөл,

қоқыс тазалаушы үсіп жүрсе де, саған қарап күлімсірейді.

Ал кейбіреулер - жылы жерде, жайлы кеңседе отырса да, мінезі - нөлден төмен!

-Көшеге тастаған әрбір қоқысың - қала тазалығынпн қам жеп жүрген жүрген жұмысшыға ауыр салмақ. Рақыммен қара!

-Исламдағы ең ұлы сабақ - көркем мінез.

Егер сенің мінезің көркем болмаса, Исламнан не үйрендің?

-Бір дана айтқан екен:

“Мен әйел затындай қадірлі жаратылысты көрмедім. Бала кезінде - әкесін жәннатқа жетелейді,

бойжеткенде - күйеуінің дінін кемел етеді,

ана болғанда - аяғының астында жәннат жатады.”

-Қызық жаратылыспыз:

қатты армандаймыз, оған жеткен соң қадірін жоғалтамыз,

жоғалтқан соң қайтадан аңсап, зар боламыз!

-“Нәпсімен күрес” – айтуы оңай, істеуі қиын,

тек Жәннатты көз алдына елестеткен, Раббысының мейірімін сезінген шын мұсылман ғана соған шыдай алады.

Тілектермен:

Қайырлы, мейірімге толы ғұмыр кешіңіздер!

Abdulakhad SMANOV

 

Пікірлер Кіру