Дін дегеніміз - адалдық

16 маусым 2021 6193 0
Оқу режимі

Сахаба Тәмим әд-Дәри (р.а.) риуаят еткен хадисте:

الدين النصيحة, قالوا: لمن يا رسول الله؟ قال: لله, و لكتابه, و لرسوله, و لأئمّة المسلمين, و عامّتهم

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дін – насихат» дегенде сахабалар: «Уа, Алла елшісі! Кім үшін?» - деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала, Оның кітабы, Оның елшісі, мұсылман басшылары және жалпы мұсылмандар үшін», - деп жауап берген [Муслим]».

Осы хадистегі «насихат» сөзінің  тағы бір  мағынасы «шын көңілділік» деп те аударылады. Арабтарда қоқымнан, ұяшықтан тазартылған балды да сафтай таза болған үшін «насихат» деп атайды.  Сафтай тазалық - адалдық деген ұғымды да білдіреді.

Сондықтан, жоғарыдағы хадистен дін дегеніміз – адалдық. Яғни, Алланың, Алланың Кітабының, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с), мұсылман басшылардың, мұсылмандардың алдындағы адалдық деп те түсінгеніміз дұрыс.

Қазақ үшін де адам мен адал деген егіз ұғым. Адалдығыңды жоғалтсаң, адамдығыңды жоғалтқаның. Атам қазақ біреуге налыса, «Адам болмайды екен» деп жатады. Адам болу - мансап, байлық, атақпен өлшенбейді. Адам болу - адалдықпен өлшенеді. Бұл өмірге адам болып келген соң, адам болып кетуіміз керек! Жаратушы Иеміз лайым соны бұйырғай!

Қуат Қабдолда

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру