Дұғаның тез қабыл болуы үшін...

30 қыркүйек 2020 69093 0
Оқу режимі

Әнас ибн Мәліктің (р.а.) жеткізуі бойынша бір күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) жанында отырғанда дұға жасап отырған бір адамды көреді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонда Әнастан: «Әлгі кісінің не деп дұға жасағанын және неге байланысты дұға жасап жатқанын білесің бе? – деп сұрайды да артынша сұраққа өзі жауап беріп былай дейді: «Ол еткен дұғасы сол сәтте қабыл болатындай етіп Оның ең маңызды есімдерін атап, Аллаға жалбарынуда, Алладан сұрауда».

Әлгі дұғаның оқылуы былай: «Йә бадиғас самауати уал ард йа хаййу йа қаййум инни әсалукә».

Мағынасы: «Уа, Раббым! Аспан мен жерді жаратқан, мәңгі тірі, зиянсыз Жаратушы Ием өзіңнен сұраймын» (Бұхари, Әдәбул-муфрад, 195).

Сонымен қатар, дұға етерден бұрын «Қамар» сүресінің 55-аятында кездесетін Алла Тағаланың екі есімін атау маңызды. Олар: «Мәлік» және «Муқтадир» есімдері. Құран тәпсіршісі Махмуд Алуси осы екі көркем есімнің дұға еткенде маңызды екенін айтады. Мәлік – ұлы басқарушы, Муқтадир – шексіз күш иесі деген мағынаны білдіреді. Олар мыналар: «Йа, Мәлику, йа, Муқтадир» дегеннен соң ары қарай өз мұқтаждықтарын сұрап, дұға жасай береді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру