Е 120 қоспасын неге қолдануға болмайды?

26 қазан 2018 13867 0
Оқу режимі

Е 120 атауымен белгілі «Кармин» бояғышын қарап тұрып, оның жәндіктен алынатыны ойыңызға да кіріп шықпас. Кармин –  жылдар бойы түрлі жағдайларда қолданып келе жатқан бояғыш түрі. Карминдегі шикізат – кошениль жәндігі (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік). Кошениль жәндігі кактус өсімдігінде мекен етеді. Жәндіктің ұрғашысы біраз уақыт өсімдікте өмір сүреді де, көбейер алдында терісіне қып-қызыл кармин қышқылын түзеді. Осындай сәтте оларды жинап алып, термоөңдеуден өткізеді, ұсақтап аммоний гидроксиді немесе көмір қышқылының натрий тұзын өңдейді де сүзгіден өткізіп бояғыш әзірлейді.

Карминді қандай тағамдардан кездестіруге болады?

Кармин бояғышын бұрын тек киім және сурет салуға ғана қолданса, кейін азық-түлік бояғышына айналдырып алған. Көпшілік жағдайда кармин бояғышы әр беріп тұру үшін ет тағамдарына қолданылады. Сонымен қатар Е 120 қоспасын ірімшік, сүт тағамдары, мармелад және кондитерлік өнімдер мен балмұздақ, кетчуп, соус, қыша, алкогольсіз және алкогольді шараптардан кездестіруге болады. Кармин бояғышы қосылған тағам, сусындар әдетте шие, таңқурай, құлпынай және жидек дәмімен болады. 

Карминді қолдану туралы шариғат не дейді?

Жәндіктен алынған кармин бояуын қолдануға шариғат рұқсат етпейді. Оңтүстік-Африканың халал бойынша Ұлттық ассоциациясы тексеріс жүргізіп, кошениль бояғышын харам деп тапты. Сонымен қоса, кармин қосылған далаптарды да қолдану дұрыс емес.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру