Ерлердің жыныстық белсенділігі ұйқыға байланысты

17 наурыз 2020 8864 0
Оқу режимі

Орта есеппен алғанда, адам өз өмірінің үштен бірін ұйқыға жұмсайтыны белгілі. «Кіші өлімнің» құшағында жатқанда тамырдың соғуы мен тыныс алу баяулайды, қан қысымы төмендеп, адам денесіндегі температура аздаған мөлшерде төмен түседі. Жүйке жүйесінің сезімталдылығы да бәсеңдеген күйге түседі. Осынау бір ес-түссіз күйге түсу арқылы ағза тынығады және денедегі жаңа жасушалар мен ағза тіршілігіне қажетті заттар түзіледі. Ұйқы зат алмасу қарқынын, ағзаның  белсенділігін өзгертеді...

Айта берсек, «ұйқы» деп аталатын бұл құбылыстың адам ағзасына тигізетін әсерлері жайлы, пайдасы мен зияны турасындағы мәліметтердің шегіне жету қиын. Алайда, ұйқының ер адамдардың жыныстық белсенділігіне, яғни әке атану мүмкіндігіне тікелей әсер ететінін екінің біле бермесі анық. Егер ер адам тәулігіне 6 сағаттан аз немесе 9 сағаттан көп ұйықтаса, ол адамның жыныстық белсенділігі азая түсетін көрінеді.

Бостон университетінің (АҚШ) мамандары осы айталған тұжырымды дәлелдеу мақсатында арнайы сынақ жүргізіп көрген екен. 21 мен 45 жас аралығындағы 695 жұпты таңдап алған олар тәжірибеге қатысушылардың ұйқы ұзақтығын бақылай бастаған. Осылайша, олар әр сегіз апта сайын әйелдердің жүкті болуын деңгейін анықтап, ақыр соңында осы шешімге келген.

Қорыта айтқанда, ұйқысы бұзылған жандардың бала сүю бақытына ие болуы айтарлықтай төмендейді. Егер ер адам тәулігіне 9 сағаттан артық ұйықтайтын болса, онда оның әке атану мүмкіндігі бар болғаны 42% құрайтын көрінеді.

Ежелден халқымыз үш арсыздың біріне жатқызған ұйқының ұрпақ мәселе келгенде, маңызды рөл атқаратыны ғылыми жолмен де дәлелденіп отыр. Ендеше, салғырттық танытпай, сергек жүруге тырысайық!

Қарауылдың баласы

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру