Ерте тұрғанның расымен ырысы артық па?

30 қаңтар 2019 16354 0
Оқу режимі

Халқымызда күнделікті тіршілікті азанмен ертерек тұрып бастау – ежелден қалыптасқан үрдіс. Сонымен қатар, ғұмыр барда ізгі істерді атқаруға асығу –дегдарлардың дағдысы. Қазақ нақылында «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» делінеді. Бұл мәтелдің мәні төмендегі хадистен алынғандай.

عَنْ صَخْرٍ الْغَامِدِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «اللَّهُمَّ بَارِكْ لأُمَّتِي فِي بُكُورِهَا». رَوَاهُ أَبُو دَاوُد.

Сахр әл-Ғамиди (р.а.) жеткізген риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.): «Уа, Алла! Үмбетімнің ерте тұрғанына береке бер!» – деп дұға қылған.[1]

«Игіліктің ерте-кеші жоқ» дегенмен, «өлімнен басқаның бәрінің ерте болғаны жақсы» деген нақыл сөз де бар. Мұның мәні жақсылықтың тезірек болғаны қайырлы дегенді білдіреді. Қазақ халқында сақталған мұндай нақыл сөздердің түп-төркіні аят-хадистер мен мұсылман ғұламалары мен тақуалардың насихаттарында жатыр.

Мысалы, атақты тақуа Хатим әл-Асамму былай деген екен: «Асыққан – шайтанның ісі. Тек бес жағдайда асығу: келген қонаққа ас беруге, балиғатқа толған қыз баланы ұзатуға, қарызды қайтаруға, мәйітті аттандыруға, істелінген күнәға тәубе жасауға асығу – Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті».

 


[1] Әбу Дәуіт риуаят еткен.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру