ИБН ХАЛДУН: ҚОҒАМНЫҢ ҚҰЛДЫРАУ СЕБЕПТЕРІ

15 тамыз 2024 1351 0
Оқу режимі

Бүкіл әлем мойындаған, еңбегі әлі күнге дейін құнды саналатын Ибн Халдун есімді мұсылман ғалымы бар. Оны Батыс әлемі әлеуметтанушылардың атасы ретінде мойындаған. Сол ойшыл Ибн Халдун өзінің «Муқаддима». (Кіріспе) еңбегінде қоғамның құлдырау себептерін былайша жіктеп көрсетеді:

 1. Ынтымақтың, ауыз бірліктің болмауы. Алауыздық қоғамдық тұрақтылықты шайқаушы дүлей күш. Бүгінгі таңда алауыздық отын үрлеуші псевдоұлтшылдар әркеті шектен асып кетті.

2. Ішкі өнімнің аз болуы. Тұтынатын заттарды тек сырттан сатып алу экономикалық құлдырауға әкеледі.

3. Қажеттілікті артығымен талап ету. Қос- қостан көлік міну, сарайы бола тұра қажетсіз басы артық сарайлар салу.

4. Салық түрлерінің артып кетуі. Бұл қоғам өкілдерінің наразылығын тудырады, өзгелердің айла жасауына жол ашады.

5. Сала ғалымдарының  қабілетін, ұстанымын елемеу. Мысалы, біздегі медицина саласына қатысы жоқ адамдардың денсаулық жайлы сөз қозғауы. Діни ахуалды реттеу жайлы дінді түсінбейтіндер әрекет етуі т.с.с

6. Әділетсіздіктің артуы.  Бірдеңе деу артқы болар.

7. Тұрғындардың көшіп кету әрекетінің артуы. Елді мекендердің қаңырап босап қалуы.

8. Ғурур мен Кібірдің артуы.

Ғурур - Өзін өзі және өзгелерді алдау. Өзі білмейтін нәрседе ақыл айту. Мысалы, дипломдық жұмысты өзгеге жазғызып доктор атану немесе үлкен шендінің бес минуттық сөзіне дейін хатшысы дайындап беру сияқты. Тіпті  әлеуеттік желіде отырып алып өзі білмейтін тақырыпта пікір айту т.б

Кібір -қатені мойындамау. Тек өзінің айтқанын дұрыс санау, өзгені көзге ілмеу.

9. Адамдардың салтанатқа бой алдыруы. Қиналып тапқан дүниесін аста- төк тойға шашу, әрең тапқан табысын пайдасыз салтанаттың киіміне жұмсауы, үйін жаңа үлгіде әрлеп -сырлауы т.б

10. Риякерлік, елдің көзі үшін іс жасау. Президент, әкім өтетін жолдарды жөндеу, олимпиада жеңімпаздарының есік алдына жөндеу жұмыстарын жүргізу т.б

11. Өзінен күшті адамға жалпақтау. Қоғамда ақиқат айтатын жандар болмаса қоғам құрдымға кетеді.

Дүйсебаев Құдабайұлы Жамалбек

Пікірлер Кіру